Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

АҚШ енді ғылым мен технология саласында көшбасшы емес - зерттеу

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ бұрын ғылым мен технология саласында әлемдік көшбасшы болған еді. Жаңа зерттеу нәтижелері Америка рейтингінің түсіп кеткенін көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«АҚШ-тың «Ғылым және техника 2020» баяндамасы осы аптада жарық көрді. Зерттеуді Ұлттық ғылыми кеңес пен ұлттық ғылым қоры жасады. Баяндама екі жылда бір рет жарық көреді және Конгреске ұсынылады», деп жазады агенттік.

Журналистердің жазуына қарағанда, Ұлттық ғылым кеңесінің төрайымы Диана Сувейн ғылым мен техника бүкіл әлемде кең тарап жатқанымен, АҚШ бұл салаларда көшбасшылықты уысынан шығарып алғанын мәлімдеген.

«Ғылым мен техника АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздікке тығыз байланысты. Америка 2017 жылы осы саладағы зерттеулерге 548 млрд доллар жұмсап, алдыңғы орында тұрған еді. АҚШ-та ғылым мен техника зерттеулеріне инвестицияны негізінен бизнес құяды, ал федералды үкімет бұл салаларды қаржыландыруды 2000 жылы азайтты», деп жазады агенттік.

Журналистің айтуынша, үкімет 2017 жылы зерттеулергі 38% немесе 76 млрд доллар салса, бизнес 43 % немесе 85 млрд доллар құйған. Федералды қаржыландырудың азаюы жоғары білім саласын зерттеудің азаюына алып келген.

«Баяндамада айтылғандай, АҚШ-тың ғылым мен технология саласындағы жаһандық үлесі 25 пайызға дейін азайған. Ал Азия елдерінің үлесі керісінше, артқан», деп жазады автор.

Оның айтуынша, жаһандық зерттеулер өсімінің үштен бірі Қытайға тиесілі.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Ғылым,
Жоғары қарай