Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Ақпарат министрлігі БАҚ-тағы ойын-сауық контентін азайтуды ұсынды

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарын реттеу және сайтты рәсімдеу бойынша ұсынымдар жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпыұлттық аза тұту күні ең алдымен БАҚ қызметінде және олардың интернет-ресурстарын рәсімдеуге байланысты бірқатар шаралардың сақталуы құпталады. Жалпыұлттық аза тұту күні медиа-сайттардың жоғарғы бөлігіне оқиға болған күнді және «Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні» деген жазуы бар баннер орналастыру ұсынылады. Баннердің түсі қара, мәтіннің түсі ақ болуы керек. Мәтіннің тілі пайдаланушы таңдаған тілдік нұсқаға байланысты өзгеруі тиіс. Баннер арқылы оқырман қайғылы оқиға туралы ақпараттарды ашуы керек. Сайттың тұтас түстік гаммасын қара және ақ түстерге өзгертіңіз. Телеарналардың логотипін ақ-қара түске бояуға болады», - деп жазылған министрліктің ресми хабарламасында.

Жалпыұлттық аза тұту күні барлық БАҚ сайттарынан жарнамалық баннерлерді, көңіл көтеру және интерактивті элементтерді, музыкалық сүйемелдеуді алып тастау ұсынылады. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты барлық материалдарда пікір жазу функциясын өшіру қажет. Мұндай шара оқиға туралы көптеген жағымсыз пікірлердің алдын алады.

«Аза тұту күні барлық БАҚ (баспа, интернет-ресурстар, теледидар және радиоарналар) ойын-сауық материалдарын жарияламағаны ләзім. Радиоарналарға тыныш, баяу ырғақты (отандық) музыкалық туындыларды қою ұсынылады. «Жарнама туралы» Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес, барлық телеарналар мен радиоарналар кестесінен жарнамалар алынуы тиіс. Сондай-ақ, басылым беттерінде де жарнамалық материалдарды алып, түрлі-түсті беттерді ақ-қараға ауыстырған жөн», - делінген хабарламада.

Барлық ақпарат құралдарына арандатушылық фотосуреттерді, соның ішінде мәйіттердің, қанның суреттерін жарияламау сұралады. Телеарналарда таңғы және эфир соңында гимн орындалғаннан кейін қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялап, жалпыұлттық аза себептерін көрсету ұсынылады.

Жоғары қарай