Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ақпан айында елордада жауған қардың мөлшері нормадан 3 есе жоғары болды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 14:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы ақпан айында елордада жауған қар мөлшері нормадан 3 есе жоғары болып отыр. Норма 15 мм болса, жауған қар мөлшері 44 мм болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Ауа райы жиі құбылды, жауын жауып артынан қарға айналғандықтан қалада көктайғақ пайда болды. Қатты жел соқты, дабылды ескерту сақталуда. Ақпан айында қалада жауған қардың мөлшері 44 мм. Ал норма 15 мм құрайды. 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні 9 мм қар жауды, бұл жарты айлық нормадан да жоғары! Қаңтар айында жауған қардың мөлшері нормадан 3 есе артық болды, норма 16 мм болса, түскен қар - 53 мм», - деді «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт.

Осылайша, қарашада 47 мм (норма 28 мм), желтоқсанда - 39 мм (норма 22 мм), қаңтарда - 53 мм (норма 16 мм) қар түсті. Өткен қыста 102 мм қар түсті. Биыл қараша-ақпан айларында ғана 183 мм-дан астам қар түсті, бұл нормадан екі есе артық.

27 ақпанда қалада қар тазалауға 1,5 мың арнайы техника мен 1 605 жол жұмысшы шықты. Көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, жиналып қалған су сорғызып алу жүргізіліп жатыр. Қыс бойы барлығы 4 млн 840 мың текше метр қар шығарылды (403 455 рейс).
Айта кетерлігі, қаладан шығатын барлық жол жабық.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ауа райы,
Жоғары қарай