Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақмоланың психдиспансерінен 2 науқас қашып кетті

2019 жылдың 15 сәуір 2019 19:38 635

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында емдеу мекемесінен қашып кеткен психоневрологиялық дертке шалдыққан екі науқас ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, аудандық полиция бөліміне жергілікті медициналық мекеменің басшысы хабарласып, екі науқастың қашып кеткені туралы айтқан. 

48 және 30 жастағы ер адамдар мекемеде ем алып жатқан. Белгілі болғандай,  ер адамның бірі шизофренидің асқынған түрімен ауырса, екіншісі мүгедектігіне байланысты есепте тұрған.

Полиция қашқан науқастардың туыстары мен таныстарын анықтады. Арада бір күн өткен соң науқастардың бірі Көкшетау қаласында табылса,  екіншісі аудан орталығында ұсталды.

«Анықталғандай, ер адамдар жолаушылап әкімшілік орталыққа жеткен.  Науқастардың екеуі де өздері емделіп жатқан медициналық мекемеге жеткізілді», - деді ведомстводан. 

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай