Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмолалықтар Нұр-Сұлтанды 500 мың тоннадан астам өніммен қамтамасыз етпек

2019 жылдың 8 сәуір 2019 22:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, мұндағы басты мақсат күннен күнге сұраныс артып келе жатқан елорда халқының отандық азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сүйенсек, соңғы 10 жылда облыста 127,4 миллиард теңгеге 138 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 35 жоба мал шаруашылығын дамытуға, 18 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, 85 жоба астық дақылдары мен көкөністерді сақтап, өңдеуге арналған.

Қолға алынған шаралардың нәтижесінде өндіріс көлемі артып, Нұр-Сұлтанға жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі ұлғайды.

Өткен жылдың өзінде елордаға 28 мың тонна ет және ет өнімдері, 112 тонна сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ, жұмыртқа, картоп және көкөніс жеткізілді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы 128 кәсіпорын Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік өнімдерін жеткізіп келеді және оны сатуда сауда орындары ашылуда. Ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерін саудалайтын 44 сауда орнынан бөлек «AQMOL» сауда желісінің 5 фирмалық дүкені жұмыс істейді. 2020 жылға дейін бұл дүкендердің санын 10 жеткізу жоспарланған.

Нұр-Сұлтан айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру өңірде жаңа сүт қабылдау орындары мен мал бордақылау алаңдарының ашылуына, ет және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың толық қуатына шығуына ықпал етті. Алдағы уақытта тағы 5 тауарлы-сүт фермасын құру жоспарда бар.

«Қолға алынған бұл шаралардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласына негізгі азық-түлік өнімдерін жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, биылғы жылы астана нарығын 551,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жоспарланған болса, 113 мың тоннасы сүт, 102,1 мың тоннасы картоп және тағы басқа өнімдері», деп атап өтті Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.

Жоғары қарай