Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Ақмолалықтар Абай шығармаларының үзінділерін оқу челлендж-эстафетасын қолдады

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 14:13

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайдың 175 жылдығына арналған, оның шығармаларының үзінділерін оқу челлендж-эстафетасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эстафетаға Көкшетаудағы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы, Мәлік Ғабуллин атындағы мұражайы, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры, «Көкшетау» мәдениет сарайы, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана және өңірдегі өзге де мәдени ұжымдар мен мекемелер атсалысуда.

Челлендж-эстафетасы барысында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ұжымы ұлы ақынның өлеңіне жазылған «Көзімнің қарасы» әнін қайталанбас ерекше даустарымен орындады.

Ал Құдайберлі Мырзабек бастаған Мәлік Ғабуллин атындағы мұражайы ұжымы әсем табиғат асында «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Абай 175 жылдығына арналған шығармаларының үзінділерін оқу челлендж-эстафетасы одан әр жалғасуда.

Еске сала кетейік, биыл Ақмола облысында Абайдың 175 жылдығына орай мыңнан астам шара өткізілмекші.



Жоғары қарай