Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Ақмолалық жасөспірімдер астанада жұмыс істеу үшін үйлерінен кетіп қалған

2019 жылдың 20 тамыз 2019 17:22

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш жеткіншек ақша табу үшін Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ерейментау аудандық полиция бөліміне 19 тамыз күні балалардың ата-аналары келген. Олардың айтуынша, 17 тамыз күні жасөспірімдер үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның ішінде екеуі – мектеп оқушысы. Уайымға салынған ата-аналар балаларын бір күн күтіп, кейін көмек сұрап барған», - деді полицейлер.

Өтініш түскеннен кейін бірнеше іздеу тобы құрылып, тәртіп сақшылары оларды аудан орталығынан, орманды және сулы жерлерден іздеген. Достары мен таныстарынан жауап алынды.

«Сол күні жоғалған жасөспірімдер көрші Торғай ауылынан табылды. Ол аудан орталығынан 40-45 шақырым қашықтықта орналасқан. Балалардың айтуынша, олар елді мекенге дейін жол-жөнекей кетіп бара жатқан көлікпен жеткен. Бірақ, олардың жоспарында елордаға барып, жұмысқа орналасу болған. Тәртіп сақшылары оларды полиция бөліміне жеткізіп, әңгімелесу өткізді», - деді ведомстводан.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын полицейлер Ерейментау ауданындағы 15 жастағы жасөспірімді үйіне қайтарды. Ол өздігінен Нұр-Сұлтанға кетіп қалған.

Автор: Оксана Матасова

Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Ақмола облысы,
Жоғары қарай