Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Ақмолалық велошабандоз Қазақстан чемпионы атанды

2019 жылдың 15 мамыр 2019 21:12 550

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық велошабандоз Андрей Чугай Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында ерлер арасында тректен велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа Ақмола облысының атынан қатысқан олимпидалық резерв даярлайтын №7 балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған мектебінің тәрбиеленушісі Андрей Чугай үздік нәтиже көрсетті.

«Жерлесіміз Андрей гитті көпсайыстан қарсыластарын артқа тастап, ел чемпион атанды. Ол тәлімгері Иван Гринбергтің жетекшілігімен жаттығады», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында велотректен Silk Way Series Astana ірі халықаралық турнирі басталды. Мамырдың 15-16 күндеріне жоспарланған жарысқа Ұлыбритания, Қытай, Гонконг, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина, Голландия, Испания, Литва және Қазақстаннан 70 спортшы қатысып бақ сынауда.

Фото: olympic.kz

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай