Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 359.00
EUR 420.10
RUB 5.41
CNY 52.38

Ақмолалық оқушы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

2017 жылдың 10 қараша 2017 23:33 1123

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Алматы қаласында өткен «Біз Қазақстанның келешегіміз» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік конференцияда ақмолалық мектеп оқушысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, Ақтөбе қаласындағы экология, инженерия және педагогика халықаралық ғылым академиясы ұйымдастырған шараға еліміздің əр өңірінен жиналған 110 жуық талантты жас ғалымдар қатысып, 12 аталым бойынша бақ сынады.

Оның ішінде «Этномəденитану» үйірмесі бойынша Есіл ауданындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушісі Евгения Гайнутдинова бірінші орынды жеңіп алса, «Валеология» жəне «Биология» үйірмелері бойынша сынға түскен Есіл ауданындағы №2 балалар үйінің тағы екі тəрбиеленушісі Нина Исина мен Елена Максимова екінші жəне үшінші орындарды өзара бөлісті.

Евгения Гайнутдинова Есілдегі балалар үйінде қазақ тілінде білім алады. Ол «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» атты жобасын сəтті қорғап шықты.

«Маған Қазақстанда 230 астам түрлі қазақтың ою-өрнегі бар екені белгілі. Осы сурет арқылы біздің ата-бабаларымыз жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы мағлұматтар жеткізді. Қазақтың оюы маған қатты ұнайды. Сол себепті «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» жобасын таңдадым», - деді Евгения Гайнутдинова.

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Білім, Ақмола облысы,
Жоғары қарай