Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Ақмолалық көрермендерге «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі ұсынылды

2019 жылдың 25 наурыз 2019 09:01 722

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық көрермендер «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы «Cinema Alem» кино театрында көрермендерге ұсынылып, ыстық ықыласына бөленген фильм «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» хикаясының жалғасы.

Кинотуынды да Шайбани мемлекетінің ұлы патшасы Әбілқайырдың қазасы, Сығанақтың қазақ хандығына қарауы, Керей ханның қайтыс болуы мен таққа Жәнібек сұлтанның отыруы секілді тарихи оқиғалар баяндалады.
Фильм туралы Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, Ақмола облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл пікірлерін білдірді. 

"Ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің  трилогиясы негізінде түсірілген бұл фильм қазақ хандығының құрылуының аса қиын да күрделі кезеңін қамтиды.Осы фильмді көріп отырып, халқымыздың өз жері мен ұрпағын сақтап қалудағы қилы жолынан хабардар боласың. Фильм сәтті  қойылған. Бүгінгі және келер ұрпақ үшін керек. Сонымен бірге қазақ мемлекетін, ел Тәуелсіздігін сақтау сырының тарихи маңызын ұғындырар фильм болды", -деді Жабал  Ерғалиев.



null 

null 

Жоғары қарай