Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Ақмолалық бұрынғы әйелін кепілге алған

2019 жылдың 22 сәуір 2019 21:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 33 жастағы ауыл тұрғыны қарумен қорқытып, бұрынғы жұбайын кепілге алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің ақпараты бойынша, 22 сәуірде 09:35-те Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Қорғалжын ауылында аудандық білім бөлімі директорының кабинетінде 33 жастағы Қорғалжын ауданы Жантеке ауылының тұрғыны бұрынғы жұбайын тұтқынға алғаны туралы хабар түскен. Ер адам одан балалары мен көлігін қайтаруды талап еткен.

«Құқық қорғау органдары жұмылдырылып, ғимарат қоршауға алынды. Қорғалжын АПБ қызметкерлерінің арасынан күдіктіні танитын топ құрылды. Қолданылған шаралардың арқасында ер адам ұсталды. Күдіктінің пышағы мен тегіс ұңғылы қаруы тәркіленді. Тұтқын әйел босатылды, оны медицина қызметкерлері тексерді», - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өтілгендей, ешкім зардап шекпеген. Осы факті бойынша, ҚР ҚК 261 бабы 2-бөлігі 3,4 тармағы «Адамды кепiлге алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оған сәйкес, күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Автор: Оксана Матасова

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай