Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 22:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының баскетбол қыздар командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай қаласында Қадырбек Оспанов құрметіне 2003 жылы туған және одан төмен жастағылар арасында баскетболдан Қазақстанның 14-ші ашық кубогы өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен барлығы 22 команда қатысты.

«Жарыста Ақмола облысының баскетболшы қыздарына тең келетін команда болған жоқ. Жерлестеріміз тартысты кездесулерде қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ақмоланың баскетболшы қыздар арасында Надежда Яковлева үздік ойынша атанса, Зоя Будай құнды ойыншысы (МVР) деп танылды.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай