Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Ақмолада жүк көлігіне соғылған жеңіл автомобиль өртеніп кетті

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 18:09

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолының бойында «КамАЗ»-ға соғылған жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға осыдан бір сағат бұрын «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолының бойында орын алды.

«Көкшетауға бағыт алған «Рено» автокөлігі бір бағытта жүріп келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соғылды. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі рульде қалғып кеткен», - деп түсіндірді ведомстводан.

«КамАЗ» жүргізушісі жеңіл көліктің жүргізушісін сыртқа алып шықты, алайда, көлігін құтқару мүмкін болмады. Көлік лезде өртеніп кетті.

«Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде», - деп толықтырды ведомстводан.




Жоғары қарай