Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Ақмолада түрме бастығының орынбасары сотталушыдан пара алған

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 00:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу және ескерту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізді, Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, кездесу барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсыныс айтты.

Сонымен қатар, жүргізілген алдын алу іс-шараларына қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері әлі де өткір болып тұр. Қылмыстық-тергеу практикасы пенитенциарлық жүйедегі шешілмеген мәселелердің бар екенін куәландырады.

«Мысалы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде 2019 жылғы 11 шілдеде ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының орынбасары сотталушыдан «QIWI» әмиянына аударылған жалпы сомасы 400 мың теңге пара алғаны анықталды. Тергеу барысында мекеме бастығының орынбасары ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны әшкереленді. Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар тиісті бақылаудың, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда жүйеліліктің жоқтығы, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс жүргізу кезіндегі формализм мен үлгішілдік барын көрсетті»,-дейді ведомстводан.

Құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық деңгейдегі басшылардың бағыныштылар жасаған сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар үшін дербес жауапкершілігі қағидаты бойынша бірыңғай жұмыс жүйесін қалыптастыру, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне азаматтардың және сотталғандардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыруды қайта қарау, ҚАЖ қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайларды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау ұсынылды.

Айта кету керек, бүгінгі күні әрбір сыбайлас жемқорлық қылмыс мұқият қарау объектісі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар себептері мен шарттары анықталады, олар бойынша облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсыну шеңберінде ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде нақты ұсынымдар енгізеді.


Жоғары қарай