Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Ақмолада серіктестік ақшасын ысырап қылған бухгалтер істі болды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 16:20 131

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында серіктестіктің ақшасын ысырап қылған бухгалтер істі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 4 тамызда Атбасар аудандық кезекшілік бөліміне жергілікті ЖШС директоры жүгініп, бұрынғы бухгалтерді жауапкершілікке тарту туралы арыз берген.

«Зардап шегушінің сөзінше, 2018 жылы жұмысқа орналасқан 41 жастағы жергілікті тұрғын қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық жолмен өзіне сеніп тапсырылған 400 мың теңгенің мүлкін ысырап қылған.

Осыған байланысты ҚР ҚК 189-бабы «Сеніп тапсырған біреудің мүлкін иемдену және ысырап қылу» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Келіншек жасаған ісіне өкінді. Қазіргі кезде істің мән-жайын нақтылы анықтау шаралары қолға алынған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Ақмола облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері ҚР ҚК 189-бабы бойынша 59 қылмыстық іс қозғаған.

Жоғары қарай