Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмолада Race Nation Burabay жарысы өтеді

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 16:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Race Nation Burabay кедергілермен жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығына сілтеме жасап.

2016 жылы алғаш рет Алматыда өткен жарыс географиясын кеңейтіп, «Щучье-Бурабай» курортты аймағында ұйымдастырылмақ. Жарыс жылдағыдай қыркүйектің айының соңына, яғни, 29-ы күніне жоспарланып отыр. Еліміздегі ең əсем спорттық нысандардың бірі - Щучье шаңғы-трамплин базасында өтеді.

«Бұл жолғы Race Nation Burabay жарысына қатысушылар түрлі кедергілермен жүгіріп, төзімділіктерін сынап көреді. Кез-келген адам 5 шақырымда сынға түсіп, өз мүмкіндіктерін тексеруіне болады», - дейді Race Nation Burabay спорт директоры Тимур Артюхин.

Жарыс Ақмола облысы əкімдігінің қолдауы жəне облыстық туризм басқармасының тапсырысы бойынша «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігінің кəсіпқой командаларының ұйымдастыруымен өтеді. Биылғы жылы 10 шақырымға 40 кедергі қойылады. Оның алғашқысы жүгіру, қалған элеметтердің де өз ережесі бар.

Айта кетейік, Race Nation немесе «Ұлт жарысы» - ойлы-қырлы жерде жасанды кедергілермен жүгіру жарысы. Күш жүгірісі (5+ км және 17-ден астам кедергі) кіреді. Жарыс Open, Team жəне Elite санаттары бойынша өтеді. Open, Team жəне Elite жүгірісіне ең жақсы дайындалған, кәсіби және жартылай кәсіби спортшылар қатысады. Open жүгірісіне орташа және бастапқы дайындық деңгейіндегі спортшылар қатысады. Team жүгірісі - командалық жүгіріс. Team үлгісінде мәре команданың соңғы қатысушысы бойынша есептелді. Elite бәсекесіне кәсіби жəне жартылай кәсіби спортшылар кіреді.









Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай