Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Ақмолада мас жүргізуші полициядан қашамын деп көлігін жол белгісіне соқты

2020 жылдың 25 наурыз 2020 04:29

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қаласында екі мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 наурызда Степногор қаласының полиция қызметкерлері рейд кезінде екі адамның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады.

«Мәселен, сағат 10:00 мас жүргізуші полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай қашып кетпек болды. Салдарынан рульге ие бола алмай жаяулар белгісіне соғылды. Сол күні сағат 22:00 тәртіп сақшылары тағы бір көлікті тоқтатты. Оның жүргізушісі де масаң күйде болған. Кейін анықталғандай бұл екі жүргізуші де бұрын алкогольдік ішімдік ішіп алып рульге отырғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылған. Қазіргі кезде қос жүргізушінің үстінен ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Степногор қалалық сотының тергеу судьясы наурыздың 24-де төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған жүргізушілерге қатысты қамауда ұстау түрінде санкция шығарды.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Көлік, Ақмола облысы,
Жоғары қарай