Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Ақмолада құтқарушылар адасқан әйелді іздеп тапты

2019 жылдың 6 сәуір 2019 14:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында адасып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Қаражар ауылының тұрғыны, Великая С. есімді әйел отбасылық отырыстан кейін сыртқа шығып, үйіне қайтып оралмаған. Туыстары өз күшімен 3 сағат бойы іздеп таба алмағандықтан құтқарушыларға хабарласып көмек сұраған.

«Әйелдің жоғалғаны туралы 2019 жылғы сәуірдің 6-да түнгі сағат 00:32 Қаражар бастауыш мектебінде орналасқан су тасқынына қарсы штабқа ақпарат түсті. Қаражар ауылында апатсыз ағын суды өткізу бойынша жұмыс істеп жатқан құтқарушылар мен патруль полициясына бағыттама берілді. Штабтың резервіндегі екі топ ауылдың маңын сүзіп шықты. Түнде ауа температурасының -5 градус салқын болуы жағдайды қиындата түсті. Дегенмен, құтқарушылардың ширақ қимылының арқасында азаматтық қорғаныс подполковниктері О.В.Малюк және А.С. Казаковтың іздеу тобы айналасы 30 минуттың ішінде жоғалған әйелді тапты. Әйел қатты тоңған, үсті-басы су, өз еркімен қозғала да алмайды. Сәл кешіккенде жағдай мүлдем басқаша болар еді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.



null

Белгілі болғандай, құтқарушылар әйелді Қаражар ауылындағы фельдшерлік пунктіге жеткізді. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай