Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақмолада кейуананы үйінің кіре берісінде тонаған күдікті ұсталды

2019 жылдың 9 қазан 2019 18:26

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 84 жастағы кейуананы үйінің кіре берісінде тонап, 100 мың теңгеден астам ақшасын қолды қылған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 08-де сағат 16:10 шамасында Көшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне хабар түскен. 84 жастағы қарияның сөзінше, белгісіз жас жігіт оның 100 000 теңгеден астам ақша салынған сөмкесін күштеп тартып алып, тайып тұрған. Зейнеткер абдырап қалмай бірден полицияға хабарласып көмек сұраған, тіпті, күдіктінің үстіне киген киімдеріне дейін айтып берген.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қылмыс орын алған аумақта орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, патрульдік полиция жасақтарына хабарлады. Бейнебақылау камерасы арқылы күдікті анықталып, Көшетаудағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдіктіден қарияға тиесілі құжаттар мен ұрланған ақша табылып, заңды иесіне қайтарылды», дейді ведомстводан.

Жоғары қарай