Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ақмолада бұлшық етін өсіру үшін дәрі ішкен 4 бозбала ес-түссіз жатыр

2019 жылдың 25 мамыр 2019 19:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында төрт жасөспірім дәріден уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін Ерейментау аудандық ауруханасына сағат 15:00-ден бастап араға екі сағаттан салып 4 жасөспірім келіп түскен. Уланғандардың жасы 13-15 жас аралығында.

«Барлық науқастар Олжабай батыр ауылында тұрады. Келіп түскен кезде балалардың жағдайы ауыр болатын. Ағзаның улануы, қалшылдау және неврологиялық симптомдар байқалды. Ақыл-есінің жағдайы - сопор-кома», - дейді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Жағдайды зерделеу барысында әр баланың кеше кештен бастап «Финлепсин» дәрісінің 15 таблеткасын жұтқаны белгілі болды. Олар мұны бұлшық етін өсіру үшін ішкен.

«Дәрілік препарат «эпилепсия» сырқатымен есепте тұратын бір балада болған. Қазіргі таңда төртеуі де анестезиология, жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде ем алып жатыр», - деп мәлім етті ведомстводағылар.

Қазіргі таңда республикалық санавиациядан - токсиколог маман, ал облыстық көпсалалы ауруханадан - реаниматолог Ерейментау ауданына жолданды.

Басқарма мамандарының сөзінше, науқастардың біреуі есін жиған. Жасөспірімдердің бұдан әрі қарайғы жағдайы туралы қосымша хабарланады.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай