Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Ақмола облысының туризм басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылдың 26 наурыз 2019 15:00 367

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ерлан Құрманұлы Мұратов Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ерлан Кұрманұлы 1985 жылдың 3 қазанында Ақмола облысының Щучье қаласында туған.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы бакалавры (2008) және құқық бакалавры (2012)  бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппаратында бастаған.

2012-2015 жылдары Бурабай кентінің әкімі лауазымында болды.

2015 жылдан бастап Ақмола облысының Бурабай ауданы әкімінің орынбасары қызметінін атқарды», деп жазады Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай