Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Ақмола облысының тұрғыны туысының телефонын ұрлап, несие рәсімдеген

2019 жылдың 3 тамыз 2019 15:31 144

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 27 жастағы келіншек туысының ұялы телефонын ұрлап, артынша оның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық оқиға ағымдағы жылдың маусым айында Атбасар ауданында тіркелген. 29 жастағы зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреу оның 2018 жылдың мамырында жоғалтып алған ұялы телефонындағы мобильді қосымша арқылы несие рәсімдепті.

Кейін анықталғандай, келіншек телефоны жоғалғаны туралы полицияға арыз бермеген. Бір жылдан астам уақыт өткеннен кейін оған 620 000 теңге қарызы бар туралы ескерту келген.

«Жедел іздестіру шарасы барысында биылғы жылғы тамыздың 1-де полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 27 жастағы күдікті зардап шегушінің туысы болып шығып, өзінің жасаған қылмысын мойындады», деп айтты ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

 

Жоғары қарай