Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Ақмола облысының әкiмi Израиль Елшiсiмен кездестi

2019 жылдың 20 тамыз 2019 20:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Израиль Мемлекетiнiң Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Лиат Вексельман ханыммен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту бөлiгiнде тараптардың перспективалы қарым-қатынастарының мәселелерi талқыланды. Облыс әкiмi израильдiк инвестицияларды, технологиялар трансфертiн тартуға қызығушылық танытты.

Израиль мемлекетi бүгiнгi таңда агротехнологиялар, жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы салаларында беделдi болып табылады.

Ақмола облысының жағдайында мұндай технологияларды енгiзу өзара ұтымды және пайдалы шарттармен агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың жаңа деңгейiне шығуға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, тараптар бiрқатар бастамаларды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қолдану мақсатында өңiрге келуi үшiн израильдiк бизнесмендер делегациясын құру туралы келiсiмге қол жеткiздi.

Жоғары қарай