Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмола облысындағы жол апатынан бір адам көз жұмды

2019 жылдың 17 сәуір 2019 20:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 17 сәуірде сағат 15:15 шамасында «Көкшетау - Петропавл» тас жолының 322 шақырымында, яғни Алексеевка ауылының маңында болған.

«Кейін анықталғандай Көкшетау қаласына бағыт алған «Fiat Tempra» жеңіл көлігінің 1961 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны басқарған «Mercedes-Benz» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан «Fiat Tempra» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, 55 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді», дейді ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша із қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай