Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Ақмола облысындағы жаңа ет өңдеу кешені экспортты арттыруға күш салмақ

2019 жылдың 11 шілде 2019 14:40

ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында қайта жарақталған замануи ет өңдеу кешені іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Щучинск қаласында орналасқан "KazBeef Group" компаниясының замануи ең ірі ет өңдеуші кешенінің ашылуы өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға септігін тигізбек. Толық өндіріс циклімен жұмыс жасайтын кешенде американдық технология бойынша мәрмәр сиыр еті өндірілетін болады.



null

Кәсіпорынның ашылу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов, «Kusto Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, «KazBeef Group» компаниясының бас директоры Бейбіт Ерубаев және Metro Cash&Carry компаниясының өкілдері қатысып құттықтау сөз сөйледі.



null

«Қазақстанда мал шаруашылығы дәстүрлі әрі табысы жоғары сала болып саналады. Ал бүгінгі күні бұл саланы ел экономикасы үшін ауқымы мен маңыздылығы жағынан алғанда мұнай саласының деңгейіне дейін көтеруге болады. Бұған барлық мүмкіндік бар. Бұл Қазақстанның әлеуеті жоғары және әлемдегі ет өндіретін көшбасшы елдермен иық теңестіре ала алатынын көрсетеді», дейді Kusto Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев.



null

Аталмыш кешеннің ашылуы компания тарихындағы аса айтулы оқиға болып отыр.

KazBeef Group бас директоры Бейбіт Ерубаевтың айтуынша, кешенді іске қосу отандық ет экспорттын арттыруға мүмкіндік бермек.



null

«Қазір Қазақстандағы ішкі нарықтың 70 пайызы қосалқы шаруашылықтардан базарға сатылатын еттің үлесінде. Біз қазіргі заманғы озық технологиямен жабдықталған ет өңдеу кешенін іске қосу арқылы сапасы жоғары өнімді жақсы бағада сата отырып, жағдайды өзгерткіміз келеді. Басты мақсат - азық-түлік қауіпсіздігі. Тұтынушы гормондарсыз, антибиотиктарсыз азықтанып, бордақыланған малдың етін жеп отырғандығын білуі қажет», - дейді Бейбіт Ерубаев.



null

Айта кетейік, "KazBeef Group" компаниясы 2010 жылдан бері Ангус және Герофорд асыл тұқымды малын өсірумен айналысып келеді. "KazBeef Group" компаниясының Ақмола облысы аумағында 120 мың гектар жайылым жері бар. Онда асыл тұқымды репродукторда ұсталатын ангус және герефорд тұқымдарының 5000-нан аса мал басы бағылады. Бұл малдар Зеренді ауданындағы «Пухальск» ЖШС және Еңбекшілдер аудандарындағы «Мамай» ЖШС күтіп, бапталады.



null

Компания еліміздегі мәрмәр сиыр етін өндіретін №1 кәсіпорын. Үстіміздегі жылдың шілде айының соңында жаңа мал бордақылау алаңын іске қосу жопарланған. Бұл бір уақытта жемделетін ірі қара санын 15000-ға дейін жеткізуге және ішкі нарықты жыл сайын отандық өндірісте өндірілген сапалы мәрмәр сиыр етінің 6000-нан аса тоннасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.



null

Өнім ең үздік генетиканы, сапалы жеммен бордақылауды және жануарларды өсіруге арналған мінсіз табиғат жағдайларын үйлестіреді. Бас артықшылығы - өнімнің азық-түлік қауіпсіздігі FSSC 22000 халықаралық азық-түлік қаупсіздігі менеджементіне сәйкес келеді және де өндірістің әрбір кезеңінде өнімнің сапасына қатаң бақылау жасалады.




null


null

Жоғары қарай