Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақмола облысындағы ауылға су тасу қаупі сейілгенше дәрігерлер көмек көрсетеді

2019 жылдың 11 сәуір 2019 22:14 635

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Калутон өзенінде судың деңгейі түсе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, өзен суы қайта бастағанымен ауылға әлі көлік қатынай алмай отыр. Сол себепті Медициналық апат орталығының дәрігерлері ауыл тұрғындарын тексеріп, медициналық көмек көрсетуде.

null 

Құтқарушылар адамдарды қайықтың көмегімен тасымалдап, екінші жақ беттегі жағаға шығарып жатыр.  Қажет болса ауруханаға және өзге елді мекендерге де жеткізеді.

Белгілі болғандай, кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы Медициналық апат орталығы филиалының дәрігерлері ауылдағы дәрігерлік амбулатория фельдшерімен бірлесіп, баласы науқастанған ананы ауруханаға жедел жеткізу бойынша көмек көрсетті. Науқас бала анасымен бірге Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер баланың ауруханада мамандардың бақылауында болғаны дұрыс дейді.

Айта кету керек, су басқан жертөлелер мен аулалардағы су қайтты. Колутон өзеніндегі судың деңгейі түсіп келеді. Тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қауіпі жоқ. Тек ауылға қатынайтын автомобиль жолы ғана жабық.

«Сол себепті, Медициналық апат орталығының дәрігерлері жол ашылып, су тасқынының қатері түбегейлі сейілгенше Старый Колутон ауылында болып, тұрғындарға медициналық көмек көрсете береді», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы.

null 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай