Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақмола облысында жұмысшы мамандықтар байқауының жеңімпаздары анықталды

2019 жылдың 16 сәуір 2019 22:37 573

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «World Skills Kazakhstan» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мәселесіне жете көңіл бөлініп келеді. Бүгінде әлемнің 72 елін қамтып отырған жұмысшы мамандар арасындағы  «World Skills»  байқауына Қазақстан 2014 жылдан қатысады. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған бұл шара елімізде де қызу қолдау тауып отыр. Әрбір екі жылда өткізіліп тұратын халықаралық жарысқа іріктеу болып саналатын аймақтық байқауда үміткерлер 32 мамандық бойынша бақ сынады. Олардың арасында ақпараттық технология, ас пісіру технологиясы,  шаштараз ісі, кірпіш қалау, аспаздық, мектепке дейінгі бала тәрбиесі, токарьлық іс және еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие өзге де мамандықтар бар.



null 

Ақмолалық жастар 4  жыл қатарынан «WorldSkills Kazakhstan» қозғалысын дамытуға белсенді қатысуда. Жыл сайын ақмолалықтар Ұлттық чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік үштіктің қатарынан көрініп келеді. Халықаралық жарыстарда да бірнеше мәрте ел намысын қорғады.



null 

Жеңімпаздарды марапаттау шарасына педагогика саласының ардагерлері,  мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық өкілдері және облыс аумағындағы кәсіби-техникалық оқу орындарынан жүзден астам білім алушы қатысты.



null 

Айта кетейік, жуырда «WorldSkills» чемпионаты 190 адамның қатысуымен Ақмола облысының 13 ауданында өтті. Олардың арасында 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар бар. Барлығы 60-тан астам жеңімпаз марапатталды. Оның ішінде бірінші орын алғандарға 100 мың теңге, екінші мен үшінші орын алғандарға тиісінше 75 мың және 50 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды. 



null 

null 

null 

null 

null 

null

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Аймақ, Ақмола облысы, Қоғам,
Жоғары қарай