Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ақмола облысында жасөспірім тоқ соғып көз жұмды

2019 жылдың 15 сәуір 2019 21:31 773

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында мектеп оқушысы тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Ирченко теміржол стансасында тіркелген.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 344-бабының 2 бөлігі (теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережесін бұзу) бойынша іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей,  өзге мәліметтер тергеу амалдарына байланысты  әзірге жарияланбайды. 

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай