Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Ақмола облысында студент қыз жоғалып кетті

2019 жылдың 14 қараша 2019 19:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 16 жастағы колледж студентіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 13 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 16 жастағы Расула Жанашеваның жоғалғаны туралы ақпарат түскен.

Жоғалған қыз соңғы рет анасымен 12 қараша сағат 16:00-де сөйлескен. Одан кейін оның телефоны өшірілген.

Құрбы қызының айтуынша, Расула өз еркімен елордағы кетуі мүмкін.

«Қазіргі кезде жоғалған қыздың туыстары мен таныстары, сондай-ақ, жоғалған күні көрген адамдар анықталды. Арнайы топ Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында іздестіру шарасын қолға алуда», дейді ведомстводан.

Жанашева Расула Сергеевна: 160-165 бойы см. дене бітімі орташа, шашы қара түсті, қысқа қиылған. Ерекше белгілері: Тісінде брекет, он қолының алақанында жүректің суреті бар.

Үстіне ақ куртка, қара күртеше, қара джинсы, ақшыл түсті етік киген.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай