Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Ақмола облысында пара алған түрме қызметкері сотталды

2019 жылдың 28 маусым 2019 22:57

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында пара алған түзету мекемесінің қызметкеріне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ЕЦ-166/26 түзету мекемесінің қызметкері, әділет капитаны Е.Оспановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған болатын.

Е.Оспанов сотталушыдан 574 мың теңге алып, оған жазасын өтеу кезінде қамқоршылық жасауға уәде еткен.

24 маусымда Жарқайың аудандық сотының үкімімен Е.Оспанов кәнілі деп танылып, 3 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейді. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және әділет капитаны арнайы атағынан айырылды.

Жоғары қарай