Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Ақмола облысында мешіттен өрт шықты

2019 жылдың 12 сәуір 2019 19:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мешіттен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, өрт бүгін Целиноград ауданындағы Бірлік кентіндегі мешітте шыққан.

«Бүгін сағат 10:57-лер шамасында «112» телефон нөмірі арқылы Бірлік кентіндегі мешіттің шатыры жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер арада жарты сағат өткенде тілсіз жауды ауыздықтады. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталу үстінде. Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына пештің мұржасындағы ақау себеп болуы мүмкін», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Жоғары қарай