Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Ақмола облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

2020 жылдың 11 ақпан 2020 22:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

2020 жылы 4600 басқа арналған 9 тауарлы сүт фермасының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысы еліміздегі агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамыған өңірлердің бірі. Өңірде егіншілікпен бірген мал шаруашылығына да ерекше көңіл бөлінуде.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста жыл өткен сайын мал басы көбейіп келеді. Бұл сала етті және сүтті бағытта дамуда. Өткен жылы 150 ет өндіру фермасы ашылып, асыл тұқымды 10 мың бас ірі қара сатып алынды. Сондай-ақ, төрт тауарлы - сүт фермасы ашылды.

Дегенмен, облыстың бар жетістігі бұл ғана емес, енді жергілікті мамандар ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандырып, өңірдің экспорттық әлеуеттін арттырмақшы. Бұл үшін 2022 жылы ет өндірісін 120 мың тоннаға, сүт өндірісін 200 мың тоннаға жеткізу міндеті қойылып отыр.

Сонымен қатар, аудандарда 7 мың ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы мен 135 ет өндіру фермасын ашу жоспарланған. Оның бірі – Аршалы ауданында 7 мың малға арналған («Aizet farms» ЖШС), Көшетау қаласында 5 мың малға арналған («Биборд» ЖШС») және Целиноград ауданында («Агропарк» ЖШС).

Өңірде сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға да көңіл бөлініп келеді. Биылғы жылы 4600 сиырға арналған 9 тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталады. Оның ішінде үш ірі ферма Ақкөл, Астрахан және Атбасар аудандарында жоспарланып отыр.

Жалпы, агроөнеркәсіп саласындағы жаңа жобалар отандық өндірісті дамытып, «Қазақстанда жасалған» тауар белгісімен шығарылатын өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай