Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ақмола облысында екі шенеунік әдеп бұзғаны үшін жұмыстан қуылды

2019 жылдың 24 тамыз 2019 15:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында екі мемлекеттік органдардың басшыларын жұмыстан босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Бурабай ауылының әкімі Талғат Амантаев қызметтік автокөлікке алкогольдік мас күйінде отырған. Әкімді Щучинск қаласының жол полициясы қызметкерлері «Самал» дәмханасының жанында тоқтатып, содан кейін медициналық куәландыруға жіберді.

Талдау нәтижесі жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастықтың болуын көрсетті. Осыған байланысты , Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев ҚР ӘҚтК 608 б. 1 т. бойынша кінәлі деп мойындалып, оған үш жыл бойы автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру жөніндегі әкімшілік жаза қолданылды .

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Амантаев Т.Б. жасаған ісіне өкінді, бірақ Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылық одан әрі мемлекеттік қызметте еңбек етуге сәйкес келмейді деп есептеді.

Сонымен қатар, қарамағындағылармен қарым-қатынас кезінде қызметтік этиканы, еңбек тәртібін өрескел бұзуға жол берген Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Шәймерденовті атқарып отырған лауазымынан босату ұсынылды.








Жоғары қарай