Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақмола облысында екі адамның мәйіті табылды

2019 жылдың 22 қазан 2019 12:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінде, оның бірі – Щучинск қаласындағы аялдамалардың бірінен табылғандығы айтылады. 55 жас шамасындағы ер адамның бойында күш қолданудың белгісі байқалмаған. Сот сараптамасы оның жүрек талмасынан қайтыс болғандығы анықталып отыр.

Ал, екінші адам Степногорск қаласында қатып қалған күйінде табылды. Екеуі де тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар.

Өңірде күннің күрт суытуына байланысты тәртіп сақшылары қаңғыбастардың жүретін жерлерін тексеріп, қабылдау, үйлестіру орындарына жеткізуде.

«Бүгінгі күні соттың шешімімен Көкшетау қалалық ПБ жанындағы қабылдау үйлестіру орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 17 адам жеткізілген. Ал, жыл басынан бері барлығы осындай 212 қаңғыбас орналастырылды. Полиция қызметкерлері олардың аты – жөнін анықтап, із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған тұрмағанын, қылмыстарға қатысы бар – жоғын анықтауда», - дейді ведомство өкілдері.

Ведомствоның дерегі бойынша, жыл басынан бері полиция және бейімдеу орталығының қызметкерлері бірлесіп «Әлеуметтік патруль» мобильді қызметін ашқан. Ондағы мамандар ауа райының жайсыздығына қарамастан қаңғыбастарды іздестіруде. Олардың белсенді жұмысының арқасында орталыққа әлеуметтік көмекке мұқтаж 159 адам жеткізілген.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай