Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Ақмола облысында далада түнеп шыққан ер адам құтқарылды

2019 жылдың 16 қараша 2019 17:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл ауданында далада түнеп шыққан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, түнгі сағат 03:00-де «112» нөміріне Есіл ауданындағы бір ауылдан екінші ауылға жолға шыққан ер адам қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түскен.

«Ер адам Қарасу және Орловка ауылы арасында адасып кетті. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері түні бойы ер адамды іздеп, таңертең ғана тапты»,- дейді ведомствоның баспасөз қызметі.




Ер адамның сөзінше, оның көлігі Қарасу және Орловка ауылдарының арасында істен шыққан. Сол себепті ол қасындағы серігін көлікте қалдырып, өзі Қарасу ауылына көмекке аттанған. Алайда, ол жолда адасып, далада түнеуге мәжбүр болады.

«Іздестіру шаралары кезінде 1966 жылғы ер адам таңертең сағат 10:00 шамасында ауыларалық жолдың бойында аман-есен табылды, дәрігердің көмегінен бас тартты»,- деп толықтырды ведомстводан.

Адасып қалған тұрғынның айтуынша, ол Есіл ауданына жұмыс істеуге келген.

Жоғары қарай