Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 363.26
EUR 420.11
RUB 5.54
CNY 52.45

Ақмола облысында астық сақтайтын кешен ашылды

2017 жылдың 9 желтоқсан 2017 17:12 1672

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астархан ауданында астық қабылдау, сақтау және жөнелту пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалтыр ауылында ашылған қазіргі заманға сай жабдықталған нысанда 25 мың тонна астық пен майлы дақылдарды қабылдап, сақтауға болады. Нысанның құрылысына 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын көкшетаулық мердігер «Эталон-Плюс» ЖШС жүзеге асырған.

Нысанның ашылуы 18 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ГРОСС НАН»-ның  директоры Мағауия Қанапиннің айтуынша, кешенде аудан орталығы мен жақын маңдағы елді мекендердегі шарушылықтардан бидай мен майлы дақылдар қабылданатын болады. Қабылданған астықты кептіру, сақтау және жөнелту сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.

«Аграрлы облыс үшін астық сақтау қабылдау орындарының ашылуы, ауыл шаруашылығы саласының дамуына септігін тигізетін болады»,  - деді Мағауия Қанапин. 

 

 

Жоғары қарай