Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Ақмола облысында «Ашық әкімдік» өтті

2019 жылдың 18 қазан 2019 21:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың бастамасымен Ақмола облыстық әкімдігінің «Ашық есіктер күні» өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған ашық әкімдікте қабылдауға келген азаматтар облыстық департаменттер мен басқармалардың, Көкшетау қаласының әкімдігі, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер, азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мен екінші деңгейлі банктердің басшыларына ғана емес, аймақ басшысына толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауындағы билік пен халықтың арасында байланысты нығайтудағы міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде қолға алынып отыр.

«Мемлекеттік органдардың алдында халықпен конструктивті байланыс орнатып, толғандырған сұрақтары мен мәселелерін жылдам шешу мақсатында «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру міндеті тұр. Бүгін қабылдауға келген адамның әрбіреуі өз сауалын тиісті ведомство басшыларына қойып, жауабын алды», деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Мәселен, Зеренді ауданы Игілік ауылының тұрғыны Нұрахмет Уәлиев Кенесары мен Игілік ауылы арасындағы жол мәселесіне қатысты сауалын қойды.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерін облыс орталығына әкелу кезінде жол азабын тартады екен. Облыс әкімі жол мәселесін шешуге атсалысатынын айтты. Осы ауданының тағы бір тұрғыны Шағалалы өзенінің үстінен өтетін көпір құрылысы жөнінде сауал қойды. Бұл мәселені аймақ басшысы өз бақылауына алынатын айтып, түсіндірді.

Жалпы, «Ашық әкімдік» қабылдауына 300-де астам ақмолалық келіп қатысты. Тұрғындардың көбі аймақ басшысына баспанамен қамту, жер телімін алу, кәсіпкерлікті дамыту, жол және абаттандыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдады.










Жоғары қарай