Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

2019 жылдың 20 маусым 2019 11:50 912

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп  жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр», - деді ол.

 

 

Жоғары қарай