Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2,5 мыңнан астам балаға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

2020 жылдың 28 ақпан 2020 23:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2,5 мыңнан астам бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрінде мемлекеттен қолдау алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Гигиеналық заттар Бұланды, Сандықтау, Атбасар аудандары мен Көкшетау және Степногор тәрізді алты қалада нәрестелі аналарға берілуде. Жалпы, Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2650 мыңнан астам бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрінде мемлекеттен қолдау алатын болады. Үш жасқа дейінгі 1334 бала азық-түлік алса, үштен алты жасқа дейінгі 1316 балаға жиынтық берілді.

Қазіргі кезде, азық-түлік («Дарбаев» ЖК) және гигиеналық заттарды («Көктем»ЖШС) жеткізушілермен келісімшарт жасалды.





Осы келісімшарт аясында азық-түлік пен гигиеналық заттар наурыз айының ортасына дейін жеткізілетіні жоспарланған. Азық-түлік тағайындалған отбасылар оны бірден өткен кезең үшін алатын болады. Көкшетау қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Гүлмира Серікпаева көпбалалы отбасыларға қолдау білдіріп отырған мемлекетке алғысын білдіруде.


Жоғары қарай