Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 364.35
EUR 419.95
RUB 5.56
CNY 52.52

Ақмола облысында 5,5 млн гектар егістік жерлер цифрландырылды

2018 жылдың 14 тамыз 2018 21:29 554

КӨКШЕТАУ. Қазақпарат - Ақмола облысында жер пайдаланушылар 5,5 миллион гектер егістік алқабы цифрландырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыста нақтылы егіншілік әдісін енгізу мәселелері бойынша ірі шаруашылықтарда жүргізілген зерттеу нәтижесінде көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары салаға цифрландыруды енгізу қажеттігіне көз жеткізді.

«Биылғы жылғы қанатқақты нақтылы егіншілік элементтерін енгізу жұмыстарын Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары «Журавлевка - 1» ЖШС, «Ақмола феникс» АҚ, «Дихан плюс» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі кезде  Ақмола облысындағы 2 707 жер пайдаланушы тарапынан 5,5 миллион гектер егістік жерлерді цифрландырылған», деп көрсетілген хабарламада.

Нақтылы егіншілік элементтерін өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдары өз тәжірибелерінде игеруде. Оған қоса, өңірде ғарыштық бақылау бойынша жұмыстар қолға алынуда. Осы арқылы  егістік жерлердің жағдайы, тыңайған алқаптар, аудандар бойынша астық түсімін анықтап, бақылау жасап отыруға болады.

 

 

Жоғары қарай