Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Ақмола облысында 3 адам жертөледе улы газдан көз жұмды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 13:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жертөледен картоп алып шықпақ болған 3 адам улы газдан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға сәуірдің 18-де кешкі сағат 19:04 кезінде Жарқайың ауданының Державинск қаласында болды.

«Жекеменшік үйдегі жертөледен картоп алып шықпақ болған төрт адамның 3-уі улы газдан көз жұмды. Оның ішінде 2002 жылғы бала аураханада есін жимастан жантәсілім еткен. Зардап шеккендердің барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты сот - медициналық сараптама тағайындалып, материалдар Жарқайың аудандық ІБ жолданды. Алдын ала мәліметтер бойынша азаматтар анықталмаған газдан уланған», деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай