Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Ақмола облысы мен Оңтүстік Корея екіжақты әріптестікті дамытуға мүдделі

2019 жылдың 13 қараша 2019 22:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Кореяның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсикпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде туризм, медицина, білім, ІТ-технология, агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен талқыланды.

«Айта кетейін, бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болып, студенттерге дәріс оқыдым. Бірлесіп академиялық мобильділік бағдарламасын дамытуға болады. Ақмола облысы мен Оңтүстік Корея арасында екіжақты қатынасты дамытудың әлеуеті жоғары екеніне сенімдімін», - деді Ким Дэсик.




Өз кезегінде Ермек Маржықпаев студенттермен алмасу идеясын қолдап, бұл, екіжақты қатынасты дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осы ретте, аймақ басшысы Ақмола облысы мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымының аз екенін тілге тиек етті.

«Сондықтан, біздің басты мақсатымыз - экономикалық, коммерциялық жобалармен алмасып, екіжаққа да пайда келтіру. Кәріс бизнесмендерін облысымызға шақырамыз, осында нақтылы бір істі қолға алатын боламыз»,- деді өңір басшысы.

Осы күні Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауымен Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында Оңтүстік Кореядан арнайы келген оркестрдің орындауындағы дәстүрлі корей музыкасының концерті өтуде.

Жоғары қарай