Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

2019 жылдың 4 шілде 2019 19:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Азамат Есімұлы Қапышев облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

Азамат Қапышев 1978 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

2003-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппаратында, одан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында жұмыс істеді, онда ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімі секторының меңгерушісі болып қызмет істеді.

2011-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі секторы инспекторының және меңгерушісінің, ҚР Президенті Баспасөз қызметі секторы меңгерушісінің лауазымдарын атқарды.

2017-2018 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысы орынбасарының лауазымын атқарды.

Жоғары қарай