Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмола әкімінің кеңесшісі «Есіл» ӘКК»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 16:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола әкімінің кеңесшісі Ербол Жақсылықов «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«Ербол Жақсылықов «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды», деп жазды Марат Иғалиев Facebook парақшасында.

Ербол Жақсылықов 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласы аппаратының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.

2004-2008 жылдары Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болды.

2017 жылдың қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Әр жылдары «Ақтау теңіз порты» АЭА дирекциясының директоры, «Есіл» ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма басшысы болған. Жеке кәсіппен айналысқан.

2019 жылдың шілде айының соңынан Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет істеді.


Жоғары қарай