Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер анықталады

2019 жылдың 24 сәуір 2019 07:05 898

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада сағат 15:00-де «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылы 24 сәуір күні Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтеді. Құрылтай 2019 жылдың 9 маусымындағы президенттік сайлауға қатысу және партия атынан үміткерлерді ұсыну мәселелерін қарастырады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.13 сәуірде Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің пленумы өтті.

«Жарғыға сәйкес, партияның сайлауға қатысуы және президент сайлауына үміткерлерді ұсыну туралы шешімді тек жоғарғы орган - съезд қабылдайды. Осыған байланысты, Орталық кеңестің пленумы съездің өтетін күнін 24 сәуірге белгіледі. Сондай-ақ, делегаттар өкілдіктерінің нормасын бекітіп, ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар қаулы қабылдады» делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 9 сәуірде республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  2019 жылдың 9 маусымында өткізу жөнінде шешімін жариялады.

 

 

 

Жоғары қарай