Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

«Ақ жол» партиясы құрылтай өтетін күнді белгіледі

2019 жылдың 13 сәуір 2019 14:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясы құрылтай өтетін күнді белгіледі. Бүгін бұл шешімді Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің пленумы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.

«Жарғыға сәйкес, партияның сайлауға қатысуы және президенттік сайлауға үміткерлерді ұсыну туралы шешімді тек жоғарғы орган - съезд қабылдайды. Осыған байланысты, Орталық кеңестің пленумы съездің өтетін күнін 24 сәуірге белгіледі. Сондай-ақ, делегаттар өкілдіктерінің нормасын бекітіп, ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар қаулы қабылдады» делінген хабарламада.

Бүгінде пленумның жұмысы жалғасуда. «Ақ жол» партиясының атынан президенттік сайлауға түсетін үміткерге қатысты ұсынымдарды талқылау жүріп жатыр.

Жоғары қарай