Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ақ аю күні: Алматылық Алькор қалай тұрып жатыр

2020 жылдың 27 ақпан 2020 16:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағында бүгін Полярлық аю күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағында Алькор атты жалғыз ақ аю бар. Мерекеге орай күтушілер оған жеміс, балық, ет қосылған торт әзірлеп берді.

Былтыр Алькор 30 жасқа толған еді. Бұл жануар 1989 жылы Ресейдің Калининград зообағында туған еді. Ақ қонжық Алматы зообағына тұңғыш рет 1990 жылы жеткізілген болатын.




2017 жылы зообақты қайта жаңғырту жобасы аясында Алькор әлемдік стандарттарға сай торы жоқ вольерге көшірілді.

Оның қонжығы Умка қазір чех зообағында тұрып жатыр.

Айта кету керек, полярлық аюлар зообақта 40 жылға жуық өмір сүреді. Ал жабайы табиғат аясында 20-30 жас өмір сүреді.




Жыл сайын 27 ақпанда дүниежүзі Полярлық аю күнін атап өтеді (International Polar Bear Day).

Ғалымдардың зерттеуінше, әлемде қазір 20-25 мың ақ аю қалған. Олардың санының қысқаруына қазір ең бастысы мұздың жылдам еруі әсер етуде.

Егер жер бетінің жаһандық жылынуы осы қарқынмен жүре беретін болса 2050 жылға таман әлемде 3/1-і ғана қалуы мүмкін.




Сонымен қатар, оларға мұнай кен орындарын игеру жұмыстары қауіп төндіріп отыр.

2008 жылы мамырда АҚШ ақ аюды Қызыл кітапқа енгізді.





Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай