Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Африка кубогы-2019 Египетте өтеді

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 21:35 726

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2019 Африка ұлттары кубогының финалдық ойындары Египетте өтеді, деп хабарлады On-Sport мысырлық спутниктік телеарнасы.

Мұндай шешім Дакарда Африка футбол конфедерациясы атқару комитетінің отырысында қабылданды.

Алғаш рет 24 команда қатысатын 2019-Африка ұлттары кубогы 15 маусымнан 13 шілдеге дейін өтуі тиіс. Бұдан бұрын турнирді Камерун ұйымдастыруы керек еді, бірақ өткен жылдың қараша айының соңында Африка футбол конфедерациясы бұл елді инфрақұрылымдарды дайындау және қауіпсіздік мәселелеріне байланысты кестеден артта қалуы салдарынан жарысты өткізу құқығынан айырған.

Мысыр төрт рет Африка кубогын өткізген, соңғы рет - 2006 жылы. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай