Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

«Адмирал» - «Барыс» кездесуін қайдан көруге болады

2020 жылдың 24 ақпан 2020 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Адмирал» командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адмирал» мен «Барыс» арасындағы кездесу елорда уақытымен 13.00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Владивосток қаласында өтетін кездесу екі команда үшін маңызы зор деп айтуға болмас. Өйткені, «Барыс» плей-офф кезеңіне берілетін жолдама тағдырын шешіп қойды. Ал «Адмирал» жарыстың бұл сатысынан шет қалды.

Бүгінгі күнге дейін екі команда 21 мәрте кездесті. Оның 9-ы «Барыстың» жеңісімен аяқталды. Қалғанында қарсыласына есе жіберді. Айта кетерлігі, соңғы төрт кездесуде елордалық клуб аталған қарсыласын жеңе алмай келеді. Сондықтан бүгін елордалық клуб жеңіске жету жолын іздейтіні анық.

Естеріңізге сала кетелік, қазір «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі жалпы турнир кестесінде 82 ұпаймен алтыншы орында тұр. Плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға бірнеше тур бұрын қол жеткізіп қойды. Ал «Адмирал» 20-орында келеді.

Айта кетерлігі, «Адмирал» соңғы жеті кездесудің алтауында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Қуанарлығы, «Барыс» соңғы сегіз ойынның жетуінде қарсыластарын қапы қалдырды. Соңғы турда елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасынан басым түсті.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай