Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 365.49
EUR 420.35
RUB 5.60
CNY 52.66

Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құра алады - Елбасы

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 23:06 1959

 НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады. Бұл туралы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік қоғамдастық ‒ алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теңгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, біз құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек. Бұл істе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетені де сөзсіз», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады деп сенетіндігін баса айтты.

«Ұжымдық іс-қимылдан қуат алған әлемдік қоғамдастықтың сенімі, ерік-жігері мен ақыл-парасаты платенамыздың жаһандық апатқа ұшырауына жол бермейді деп сенемін. Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Жоғары қарай